“Қазақ әдебиетінің мақтанышы — Сәбит Мұқанов” атты дөңгелек үстел болып өтті.
Мектебімізде тілдер апталығының аясында ? “Қазақ әдебиетінің мақтанышы — Сәбит Мұқанов” ? атты дөңгелек үстел болып өтті.
Бұл шараға Егемен Қазақстан газетінің меншікті тілшісі ?, Есіл ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар Одағының, журналистер одағының мүшесі Жақсыбай Самрат ағамыз ? және Солтүстік Қазақстан облысының белгілі ақыны ✒️ Зағыпарұлы Аманжол ағамыз қонақ болды.
Олар Сәбит Мұқанов туралы өз ойларымен бөлісіп, оқушыларға ақыл-кеңестерін айтып ?️, өз қаламынан шыққан жыр шумақтарын арнады ?. Мектебіміздің білікті ұстаздары да өз пікірлерін ортаға салды ????.
Бұл дөңгелек үстел оқушыларға тың серпіліс пен жаңаша леп сыйлады! ?✨?
