Ағылшын және орыс тілдері апталығының салтанатты жабылуы

0

Ағылшын және орыс тілдері апталығының салтанатты жабылуы өтті 🎉. Іс-шара мектептің акт залында концерттік бағдарлама форматында ұйымдастырылып, оқушылар ән айтып, би билеп, бір апта бойы алған білімдері мен тілдерге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті 🎶💃🕺.

Мерекелік кеш барысында белсенді қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті 🏆. Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды: «Покоритель языковых перемен», «Самый активный участник недели» және «Самый эрудированный участник в Instagram».

Барлық қатысушыларға тәтті сыйлықтар мен естелік медальдар табысталып, алғыс білдірілді 🍬🎖️. Апталықтың жабылуы көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады 😄✨.

Добавить комментарий