«Алғыс айту — рухани байлық»

0

Мектебімізде 1–4 сынып оқушылары арасында «Алғыс айту – рухани байлық» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға алғыс айтудың маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар ата-анаға, ұстазға, достарына ризашылық білдірудің мәнін түсініп, мейірімділік пен қамқорлықтың адам өміріндегі орнын талқылады. 🌷

Түрлі ойындар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы балалардың бір-біріне деген сыйластығы артып, жылы қарым-қатынас қалыптасты. 💖

#Адал_азамат

#алғысайтукүні

Добавить комментарий