«Заңгер мамандығына қалай түсуге болады?

0

🌟Бүгін мектебімізге Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Өміртас Я.А. келіп, 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бойынша «Заңгер мамандығына қалай түсуге болады?» тақырыбында ақпараттық дәріс оқыды.

Кездесу барысында заңгер мамандығына қалай жұмысқа орналасуға болатыны туралы кеңінен айтылды.

Оқушыларға заңгер болу үшін алдымен заң факультетінде жоғары білім алу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі, конкурс арқылы қабылдау кезеңдері, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері және кәсіби тәжірибенің маңыздылығы баяндалды.

Сонымен қатар құқық саласында қызмет етудің жауапкершілігі, адалдық пен әділдіктің маңыздылығы туралы кеңінен айтылды..⚖️

Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға деген қызығушылығын оятты.❇️

#Адал_азамат

#кәсіптікбағдарберу

Добавить комментарий