Бүгін, 17 ақпан күні «Диалог поколений» / “Dialogue of generations” атты колледж оқытушысы Балсеитова А.К.-мен кездесу өтті 🤝

Іс-шара «Магнит» тренингімен басталды. Тренингтен кейін негізгі бөлімге өтіп, оқушылар мен қонақ арасында еркін диалог ұйымдастырылды. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, болашақ мамандық пен білім алу жолдары туралы пайдалы ақпарат алды 🎓

Кездесу барысында мектеп түлегінің бейнеролигі көрсетіліп, шет тілдерін білудің мүмкіндіктері айтылды. Сонымен қатар, оқушылар Ермек Б., Бекенова А., Тасбулатова М. екі тілде өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетті 📝✨

11-сынып оқушылары Мусина М., Тулешова А., Табылды А. ағылшын тілінде презентация жасап, тілдің қоғамдағы рөлін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар шығармашылық жұмыс орындап, өз әсерлері мен ойларын білдірді 🎨 Іс-шара мазмұнды және жоғары деңгейде өтті

Добавить комментарий