орыс тілі мен ағылшын тілі бірлестігі апталығының ашылуы

0

🌍 «Открывая мир через языки»

“Opening the World Through Languages”

Бүгін,16 ақпан күні мектебімізде орыс тілі, ағылшын тілі апталығының салтанатты ашылуы өтті.

Апталықтың мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және түрлі мәдениеттер арқылы дүниетанымын кеңейту.

Салтанатты ашылу барысында:

✨ 5-сынып оқушылары ағылшын тілінде әсерлі көрініс көрсетті.

🎵 2-сынып оқушылары орыс тілінде әсем ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

📖 7–8 сынып оқушылары екі тілде өлеңдер оқып, тіл байлықтарын паш етті.

🌟 3-сынып оқушысы Айғожа Айым өз өнерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Әрбір өнер көрсетілімінде тілдің құдіреті, білімнің маңызы және бірлік пен достықтың мәні айқын көрінді.

Алдағы күндері оқушыларды викториналар, квест ойындар, зияткерлік сайыстар мен шығармашылық байқаулар күтуде.

Тіл – достықтың, білімнің және болашақтың кілті.

Апталығымыз табысты әрі мазмұнды өтсін! ✨📚

Добавить комментарий