16 қазан күні 5-сынып оқушыларымен «Күй құдіреті» тақырыбында ашық сабақ өтті.
2025 жылдың 16 қазан күні 5-сынып оқушыларымен «Күй құдіреті» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық мұраларының бірі – күй өнерінің мәні мен маңызын түсіндіру, атақты күйшілердің еңбегін таныту және ұлттық музыкаға деген қызығушылық пен құрметті арттыру болды. 🎵
Сабақ барысында оқушылар Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиев шығармаларымен танысып, күй тыңдап, оның мазмұнын талдады және әсерін сипаттап жазды. Оқушылар белсенділік танытып, топтық және жеке жұмыстарда өз ойларын еркін жеткізе алды.
💡 Сабақ жоғары деңгейде өтті: көрнекіліктер мен жасанды интеллект құралдары тиімді қолданылды.
✨ Қорытындысында оқушылар ұлттық мәдениетке, күй өнеріне деген ерекше қызығушылықтары мен құрметтерін көрсетті.
