Бастауыш сыныптар апталығы аясында 4-сыныпта математика пәнінен «Үш таңбалы сандарға көбейту» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында заманауи әдіс-тәсілдер қолданылды:

📗 «Гексагон» әдісі арқылы өткен тақырып қайталанып, оқушылар өзара білімдерін жүйелеуге мүмкіндік алды;

📗 «Ойлан, тап» әдісі қолданылып, жұптық жұмыс қызықты әрі белсенді орындалды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар амалдардың орындалу ретін дұрыс анықтай алды;

📗 «Пирамида» әдісі арқылы оқушылар топтық жұмысты қызығушылықпен орындап, құрылымды дұрыс құрастыра білді;

📗 Сабақ барысында ЖИ құралдары, ойын технологиялары, саралау, рефлексия элементтері тиімді қолданылды.

Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Цифрлық ресурстарды қолдану пәнге деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

Добавить комментарий