Тәуелсіздік күні
![]()
![]()
Мектебімізде «Тәуелсіздік – тәңір берген тәтті сый» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – тәуелсіздік жолында жанын қиған батырлар мен сол кезеңді өз көзімен көрген жандардың ерлігін еске алып, жас ұрпаққа ұлт тарихының маңызын жеткізу. ![]()
Дөңгелек үстел барысында оқушылар үшін ең әсерлі сәттердің бірі – желтоқсан оқиғасының тікелей куәгері, мектебіміздің құрметті ұстазы Казиева А.Т.-ның естеліктері болды. Ұстазымыз сол бір сындарлы кезеңнің ауыртпалығын, жастық жігер мен қайсарлықты шынайы түрде жеткізді. ![]()
![]()
Казиева А.Т.-ның ерлігі мен өмірлік ұстанымы – өскелең ұрпаққа үлгі. Мұндай кездесулер тәуелсіздіктің қадірін түсінуге, тарихқа құрметпен қарауға тәрбиелейді. ![]()
![]()
