Мектебіміз үшін үлкен мақтаныш!

0

🎉 Мектебіміз үшін үлкен мақтаныш! 🎉

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауы биыл ерекше ауқымда өтіп, еліміздің барлық өңірінен 16 мыңнан астам педагогтың басын қосты. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Осындай ауқымды әрі беделді байқау аясында «YouTube платформасында ең көп қаралым жинаған бейнематериал» номинациясы бойынша мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мусина Д.Б. жеңімпаз атанды.

Әріптесімізді лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏

Шығармашылық табыс, шабыт пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз! 🌟

Добавить комментарий