«PREMIA DIGITAL URPAQ»
29 желтоқсан күні Оқушылар сарайында «PREMIA DIGITAL URPAQ» атты салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шараға мектеп директоры Жамулдинова Ж.И., сондай-ақ мектебіміздің мұғалімдері Казиева А.Т., Сулейменов Ж.С., Карабекова Н.Е. қонақ ретінде арнайы шақырылды.
Бұл маңызды шара барысында түрлі номинациялар бойынша ең үздік оқушылар анықталып, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған салтанатты жиында мектебіміздің 9-сынып оқушысы Темірхан И. жоғары жетістіктері мен білімге деген құштарлығының арқасында «Ең үздік білім алушы» номинациясын жеңіп алып, ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Бұл жетістік — оқушының тынымсыз еңбегінің, табандылығының және ұстаздарының жан-жақты қолдауының нәтижесі.![]()
![]()

