Сынып жетекшілер отырысы

0

📌 Мектебімізде қаңтар айына жоспарланған сынып жетекшілерінің III отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қарастырылды:

1. «Әр бала – ерекше» тренингі.

Сынып жетекшілерінің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында «Әр бала – ерекше» тақырыбында тренинг ұйымдастырылып, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру, қолдау көрсету жолдары талқыланды.

2. 1–11 сынып жетекшілерінің бірінші жартыжылдық есебі.

Әр сынып жетекшісі тәрбие бағытындағы атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, оқушылардың үлгерімі, тәртібі, сабаққа қатысуы және ата-аналармен байланыс жұмыстары сараланды.

3. «Smart бала» және «Шабыт» жобаларының жүзеге асырылуы.

Жобалардың мақсаты мен ағымдағы жұмыстары талданып, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шаралар талқыланды.

Отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.

#Адал_азама

#IIIОтырыс

#СыныпЖетекшілері

#Заңментәртіп

МектепӨмірі

Добавить комментарий