Құрметті достар!
Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектептің ресми веб-сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайт мектеп өмірі, жетістіктері, оқу-тәрбие процесі және жоспарлары туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Біздің мектепіміз 2000 жылдың 25 қазанында өз оқушыларын алғаш қабылдады. Содан бері мектеп қалыптасу мен даму жолынан өтіп, бүгінгі таңда білім беру сапасы, тәрбиелік жүйесі және заманауи инфрақұрылымымен ерекшеленетін білім ордасына айналды.
Ұжымымыз білім беру жолында табанды еңбек етіп, оқушыларды заман талабына сай тәрбиелеуді басты мақсат етеді. Біз үшін білім алушы, ұстаз және ата-ананың бірлесе жұмыс істеуі — табыстың негізі. Сондықтан мектепте қолайлы, достыққа негізделген, ынтымақшыл орта қалыптасқан.
Мектеп оқушылары XXI ғасырдың талаптарына сай білім алып, өз қабілетін дамытуда. Олардың шығармашылық, ғылыми, спорттық және ұлттық мәдени бағыттағы жетістіктері — біздің ең үлкен мақтанышымыз.
Біз қалыптасқан жақсы дәстүрлерімізді сақтай отырып, заманға лайық жаңа идеяларды, озық оқыту әдістерін енгізу арқылы бәсекеге қабілетті, білімді және рухани бай тұлға тәрбиелеуге күш саламыз.
Біздің веб-сайтқа қош келдіңіздер!
Сіздерге пайдалы ақпарат, жағымды әсер және жаңа мүмкіндіктер тілейміз!
