2025 жылғы Тамыз кеңесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ерекше форматта өтті.
Президент білім беру саласының барлық өкілдері көтерген мәселелер мен ұсыныстарды жақын арада іс жүзінде жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсайтынына сенетінін айтты.
Өз сөзінде Мемлекет басшысы білім сапасын арттыру, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ата-ана, мектеп және оқушы арасындағы байланысты нығайту маңызын атап өтті. Сонымен қатар, заманауи технологияларды меңгеру, педагог мәртебесін көтеру, қолжетімді білім беру және инклюзивті орта қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Президент мектептің мықты әрі жауапты қазақстандық азаматтарды тәрбиелеудегі белсенді рөлін атап өтті.




















