«2025-2026 оқу жылындағы мектептің білім беру саясаты және басым бағыттары»

0
Screenshot_134

⚜️Бүгін, 28 тамызда, мектебімізде «2025-2026 оқу жылындағы мектептің білім беру саясаты және басым бағыттары» атты педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңесті мектеп директоры Жамулдинова Жібек Искеновна ашып, жаңа оқу жылына арналған мектеп жұмысының басты басымдықтары мен стратегиялық бағыттарын таныстырды. Бұл кеңесте оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен академиялық адалдықты сақтау ережелері айқындалып, ұжым мүшелерінің осы бағытта атқаратын міндеттері мен жауапкершіліктері анықталды.
Педагогикалық кеңес барысында «Адал азамат» білім беру бағдарламасы кеңінен талқыланып, осы бағдарлама арқылы жас ұрпақты тәрбиелеудегі мақсаттар мен міндеттер нақты белгіленді. Сондай-ақ, мектептің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары бекітіліп, оқу үдерісін тиімді басқару үшін қажет ұйымдастыру-шаруашылық қызметінің мәселелері қаралды.
Аталмыш кеңеске «Өрлеу» АҚ аға оқытушысы Кабденова А.К. мен ҚББ әдіскері Айсина Н.Б. қатысып, өздерінің құнды пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Олар педагогикалық үдерістер мен оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған маңызды ойларын айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл педагогикалық кеңес мектеп ұжымы үшін жаңа оқу жылына дайындық пен оны әрі қарай жетілдіру жолындағы маңызды қадам болып, білім беру сапасын арттыруда зор маңызға ие болып табылады.

Добавить комментарий