«Мектебім – мейірім мекені»
2025 жылғы 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын барысында бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Аталған игілікті шараның демеушісі – ауыл шаруашылығы саласының үздігі, «Гайса» ЖШС директоры Гайсин Биржан Байзакович.
Оның қолдауы жас ұрпақтың алғашқы қадамын қуанышқа бөледі, мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің жүрегіне шаттық сыйлады.
Бұл қамқорлық – өскелең ұрпаққа деген жанашырлықтың, болашаққа деген сенімнің жарқын көрінісі.
