«Жазғы демалыстың жарқын естеліктері»

0
Screenshot_139

Бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалыстағы әсерлі сәттерін есте қалдыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында мектебімізде «Жазғы демалыстың жарқын естеліктері» атты челлендж ұйымдастырылды. Челлендж барысында оқушылар өздерінің жаз айларында барған қызықты жерлері, алған әсерлері, отбасылық саяхаттары мен көрген-білгендерін ұсынды.
Бұл жұмыс оқушылардың жазғы уақытты тиімді пайдалануына, таным көкжиегінің кеңеюіне және шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларының артуына ықпал етті. Сонымен қатар, балалардың естеліктерімен бөлісуі бір-бірінің тәжірибесінен үйренуге жағдай жасады.

Добавить комментарий