«Мектебім – мейірім мекені»
💭«Мектебім – мейірім мекені» республикалық челленджі аясында 11-сынып оқушылары «Арманым мен мақсатым» тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, белсенді қатысты. Жас түлектер жүрек түкпіріндегі асқақ армандарын, биік мақсаттарын паш етіп, болашаққа деген сенімдері мен үміттерін білдірді. Әрбір ой – нық қадам, әрбір сөз – жарқын болашаққа жетелейтін шамшырақ. Жастардың жалынды жігері мен алға қойған мақсаты олардың өмір жолында сенімді серік болып, ел ертеңіне қосар үлестерін айқындай түседі. Bilim_quni Mektebim_meirim_mekeni
