⚜️ 2025 жылдың 3 қыркүйек күні мектебімізде 4–11 сынып оқушыларына арналған маңызды кездесу өтті.
⚜️ 2025 жылдың 3 қыркүйек күні мектебімізде 4–11 сынып оқушыларына арналған маңызды кездесу өтті. Мектеп әкімшілігі білім алушыларды Ішкі тәртіп ережелерімен жан-жақты таныстырып, мектеп қауымдастығында жауапкершілік пен тәртіптіліктің маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімінің өкілі Дүйсенбек Ж.Б. оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, теміржол маңындағы қауіпсіздік ережелері жайлы мазмұнды ақпарат ұсынып, арнайы жадынамалар таратты.
Бұл шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жол жүру ережелері (ЖЖЕ) мен теміржол қауіпсіздігі ережелері (ТЖЕ) бойынша білімдерін толықтыру, құқықтық сауаттылығын арттыру және мектеп ережелерін бұлжытпай орындауға тәрбиелеу. ЖолдаЖүруЕрежелері ҚұқықбұзушылықАлдынАлу ҚұқықтықСауаттылық АдалАзамат ДосболLIKE




