“Тіл – халықтың жаны, рухани қазынасы”
📚✨ И.Шухов атындағы орталық кітапханасында “Sana” әдеби-музыкалық клубының ұйымдастыруымен “Тіл – халықтың жаны, рухани қазынасы” атты тағылымды кездесу өтті.
Бұл шараға мектебіміздің директоры Жамулдинова Ж.И мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Таженова Т.Қ 10-сынып оқушыларымен бірге қатысып, тағылымды ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар ана тіліміздің құндылығы жайлы ой толғап, жүрекжарды пікірлерін білдірді. Поэзия мен прозадан оқылған үзінділер, әсем әуендер мен әдеби туындылар кеш мазмұнын байыта түсті.
Сонымен қатар “100 кітап” сауалнамасының қорытындысы жарияланып, тілдің рухани маңызы кеңінен сөз болды.
Ұлттық болмыс пен асыл мұраны дәріптеген бұл басқосу оқушылардың жүрегінде өшпес із қалдырған тағылымды кездесу болды. АдалАзамат, балаларкітапханасы



