Бүгін мектебімізде «Күзгі семестр: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру арасындағы өзара сабақтастық» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара аясында ең алдымен мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесін таныстырған көрме ұйымдастырылды.
Облыстық семинардың ашылуында мектеп директоры Жамулдинова Ж.И. құттықтау сөз сөйлеп, дөңгелек үстелдің маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – білім беру сатыларының өзара сабақтастығын қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.
Іс-шараға облыстық Әдістемелік орталықтың әдіскері О.К. Мизгельбаева, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Бағдарлама барысында:
• мектепке дейінгі және бастауыш білім арасындағы сабақтастық мәселелері бойынша панельдік пікірталасты А.Б. Жусупова жүргізді;
• тәжірибе алмасуды А.Е. Шаймерденова ұсынды;
• шеберлік сыныпты М.К. Абильева өткізді.
Дөңгелек үстел жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім беру ұйымдары арасындағы мазмұндық және әдістемелік сабақтастық жан-жақты талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, жаңа педагогикалық идеялармен бөлісті. Іс-шара педагогтердің кәсіби байланысын нығайтып, болашақтағы бірлескен жұмыстарға негіз болады
