«Педагогикалық идеялар панорамасы»

0

2 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының нәтижелері бойынша марапаттау рәсімі өтті. Осы шарада мектебіміздің ұстазы ағылшын тілі пәні мұғалімі Дильнара Балтабековна шығармашылық шеберлігі мен инновациялық педагогикалық әдістері арқылы 1-ші орынды жеңіп алды! 🏆 Бұл жетістік оның үздік білім беру тәжірибесін таныстыруының нәтижесі, әрі біздің мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш.

Сонымен қатар, мектебіміздің директоры Жибек Искеновна эксперттік құрамда белсенді қатысып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығынан алғыс хатпен марапатталды! 🎉 Бұл жетістіктер бізді жаңа биіктерге ұмтылдырып, алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жетуге күш береді. Мектебіміздің абыройы артқан сайын, біз де білім жолындағы жаңа белестерді бағындырамыз. Әрқашан алға! 🌟

Добавить комментарий