Ұлағатты ұстаз еңбегіне тағзым етілетін ерекше мереке қарсаңында біздің мектебіміздің мақтанышы, педагог-зерттеуші Абишева Жанна Аманжолқызы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғәуез Нұрмұхамбетовтың Алғыс хатымен марапатталды! 👏💐
Бұл марапат – ұстаздың көпжылдық еңбегіне, кәсіби шеберлігіне, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырудағы еңбегіне берілген лайықты баға. 🌟
Жанна Аманжолқызы – өз ісіне адал, үнемі ізденіс үстіндегі жаңашыл педагог. Ол шәкірттерге тек білім ғана емес, өмірлік құндылықтар мен рухани тәрбие береді.
Құрметті Жанна Аманжолқызы!
Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт, еңбегіңіздің жемісін көруге жазсын! 🌺
Әр күніңіз шәкірттеріңіздің жетістігімен нұрланып, жаңа белестерге жетелей берсін!

Добавить комментарий