📚 ҰБТ-2026 бойынша түсіндіру жұмыстары
Бүгін мектебімізде бітіруші түлектермен Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ-2026) дайындық бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Кездесу барысында оқушылар тест құрылымы, тіркеу тәртібі мен емтихан ережелері туралы толық мәлімет алды.
Мұндай шаралар түлектердің білімге деген ынтасын арттырып, емтиханға сенімді дайындалуына мүмкіндік береді. 🌟

