📌 9-қазан күні мектебімізде 11-сынып ата-аналарына арналған жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыстың мақсаты – бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануын, бейіндік пәндер мен мамандықтарды дұрыс таңдауды талқылау және алдағы ҰБТ-2026 ережелерімен ата-аналарды таныстыру болды. 👨👩👧👦🎓
Іс-шараның басталуы “ҰБТ: ортақ алаңы” форматында өтті. Онда пән мұғалімдері ата-аналарды түлектердің ҰБТ-ға дайындық үдерісімен және сынақ тестілеу нәтижелерімен таныстырды.
Жиналыстың ресми бөлімін мектеп директоры Жамулдинова Ж.И. бастады және қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Жиналыста қарастырылған сұрақтар:
1️⃣ Оқушылардың кәсіби бейімділігін диагностикалаудың нәтижесі.
Сөз алушы: кәсіби бағдар беруші Парсахан Д.Б.
2️⃣ Бейіндік пәндер және мамандықтар.
Сөз алушы: Калиасқарова С.Қ.
3️⃣ ҰБТ 2025–2026 оқу жылының ережелері.
Сөз алушы: Конурбаева А.Ж., Мусина Д.Б.
Жиналыс барысында ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, маңызды сұрақтарға жауап алды.
Кездесу ҰБТ-ға дайындық пен болашақ мамандық таңдауда ата-аналардың рөлін айқындап, өзара байланыс орнатуға мүмкіндік берді. 💫Жаңалықтар
