🎨🎶 «Саз бен сымбат – бірлікте» апталығының ашылуы 🎶🎨
🎨🎶 «Саз бен сымбат – бірлікте» апталығының ашылуы 🎶🎨
Қазанның 13-і күні мектебімізде сазды-эстетикалық әдістемелік бірлестік апталығы салтанатты түрде ашылды.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, саз және бейнелеу өнері, технология мен қолөнердің мектеп өміріндегі орнын айқындау.
Ашылу шарасына ерекше қонақ ретінде бес асықтан V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы, ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жерлесіміз – Шал ақын ауданы, Алқаағаш ауылының тумасы Әскерова Сания Қайратқызы қатысты.
Қонақ оқушыларға ұлттық спорт туралы қызықты ақпарат беріп, ақ тілегін айтып, шеберлік сыныбын өткізді. Шара барысында би биленіп, ән шырқалып, жас балуандар өз өнерлерін ортаға салды.
Апталық барысында қолөнер, музыка, спорт, әскери тәрбие және отансүйгіштік қасиеттерді арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар, сайыстар, жарыстар, шеберлік сыныптар мен ашық сабақтар ұйымдастырылатын болады.
📅 Апталық қазанның 17-сіне дейін жалғасады.
