Бүгін мектебімізде педагогикалық кеңес өтті. 👩🏫
Бүгін мектебімізде педагогикалық кеңес өтті. 👩🏫
Кеңес жұмысын мектеп директоры Жамулдинова Ж.И. ашып, күн тәртібімен таныстырды және жаңа оқу жылындағы басым бағыттарға тоқталды.
Кеңес барысында қазіргі білім берудегі өзекті мәселелер, соның ішінде сабақ жоспарлауда жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.
Педагог-зерттеушілер «Білім сапасын қамтамасыз етудегі сабақ жоспарлаудың рөлі және жасанды интеллект құралдарын қолдану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Сондай-ақ І тоқсанның білім сапасы туралы есепті оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Конурбаева А.Ж. мен сынып жетекшілер таныстырды.
Кеңес барысында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.
Іс-шара соңында оқу үдерісін жетілдіру, білім сапасын арттыру және заманауи технологияларды тиімді пайдалану бағытында нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылданды. ✨
