ЖАС ЖҰЛДЫЗДАР” 🌟 облыстық байқауы

0

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы” КММ “Оқушылар сарайы” МКҚК ұйымдастыруымен өткен 🌟 “ЖАС ЖҰЛДЫЗДАР” 🌟 облыстық байқауының “Вокал” номинациясы бойынша 🥈 II дәрежелі дипломымен марапатталған мектебіміздің талантты оқушылары — Айғожа А, Муратбекова Н және Айғожа А — өнер әлемінде жарқырап, өз даусымен жүректерді жаулап алған жас дарындар. 💫

Олардың әрбір әнінде ❤️ терең сезім, шынайылық пен шығармашылықтың бірегейлігі көрініс табады. 🎵 Байқаудағы жетістіктері — еңбек пен табандылықтың, шығармашылық ізденістің жемісі. 🌈 Айғожа А, Муратбекова Н. және Айғожа А-ның вокалдық шеберлігі, сахнада өзін-өзі ұстауы, тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды. 👏

Осы марапат арқылы олар өз таланттарын танытып, болашақта да өнер жолында биік белестерді бағындыруға деген ынта-жігерлерін арттырды. 🚀
Мектебіміздің дарынды оқушыларына 🌹 өнердің шынайы құндылықтарын насихаттап жүргені үшін ұстаздары 🎓 Абах А-қа алғысымыз шексіз! 🙏💖

Добавить комментарий