📘 «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы»
Президент бастамасымен жүзеге асып келе жатқан бұл жоба – білім беру саласында жаңа буын көшбасшыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды бағдарлама. Қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтіп, арнайы оқыту курстарында білімін жетілдіріп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтті.
🌟 Біздің мектебіміздің директоры Жамулдинова Жібек Искенқызы – осы жобаның белсенді қатысушысы. Ол кәсіби шеберлігі, жаңашыл көзқарасы және көшбасшылық қабілеті арқылы ерекшеленіп, жас педагогтер мен оқушыларға үлгі болып келеді. Өз ісіне адалдығы мен ұйымдастырушылық қабілеті арқылы мектеп ұжымында серіктестік пен шығармашылық орта қалыптастырып келеді.
Бүгін оқушылар сарайында қаламыздың 7–8-сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Жібек Искенқызы өз кәсіби жолы мен жетістіктері жайлы айтып, оқушыларды көшбасшылыққа, табандылық пен үздіксіз ізденіске ынталандырды. 💫
