Бүгін мектебіміз ерекше мерекелік көңіл күйге бөленді ? — «Дарын Fest» дарындылар шеруі өтті ?. Бұл күн бірінші жартыжылдық бойы тынымсыз еңбектеніп, білім мен өнерде, шығармашылықта биік жетістіктерге жеткен оқушыларымызды ұлықтауға арналды ??

Сахна төрінде жетістікке жеткен әрбір шәкірттің еңбегі лайықты бағаланып ?, мектеп басшысы Жамулдинова Ж.И. жүрекжарды құттықтауын білдіріп ?, дарынды оқушыларға дипломдар мен сыйлықтарды салтанатты түрде табыстады ??

Игі бастамаға қолдау білдіріп ?, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан спонсорларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз ?. Сіздердің қаржылай қолдауларыңыздың арқасында дарынды шәкірттеріміз қуанышқа бөленіп ?, бұл күн олар үшін үлкен шабыт пен сенім сыйлаған ерекше сәтке айналды ✨

«Дарын Fest» — бұл жай ғана марапаттау емес,

? бұл — арманға сенім,

? еңбекке құрмет,

? ал дарынға — үлкен жол! ✨

Добавить комментарий