Әліппемен қоштасу
2025 жылдың 25 желтоқсан күні мектебімізде 1-сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу»ертеңгілігі өтті
. Бұл маңызды іс-шара оқушылардың сауат ашу кезеңін аяқтап, жаңа белеске қадам басуын атап өтуге арналды ![]()
.
Ертеңгілік «Ұшақпен саяхат»форматында қызықты өтті
. Оқушылар «Әріптер аялдамасы», «Буындар бекеті», «Ертегілер елі», «Ана тілі аялдамасы»сияқты бағыттар бойынша білімдерін, өнерлерін көрсетті ![]()
. Олар тақпақ айтып, көрініс қойып, би билеп, ән шырқады ![]()
![]()
.
Іс-шараға ата-аналар мен ұстаздар шақырылып, жылы лебіздерін білдірді
. Мектеп директоры Жамулдинова Жибек Искеновна оқушылар мен ата-аналарды құттықтап, оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етті ![]()
.
Ертеңгілік өте жоғары деңгейде өтті, балалардың білімге деген құлшынысы мен сахналық мәдениетін айқындады
. Көңілді, әсерлі әрі тәрбиелік мәні зор сәттер сыйлады ![]()
.
