«Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқытудағы цифрлық трансформация»

0

Бүгін, 9 қаңтар күні, біздің мектеп директоры Жамулдинова Ж. И. офлайн форматтағы «Жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқытудағы цифрлық трансформация» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысып, сертификатқа ие болды! 🌟

Семинар барысында географиялық пәндер бойынша өзекті баяндамалар тыңдалып, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі, сондай-ақ кафедра әзірлеген картографиялық материалдар таныстырылды. Қатысушылар оқу-зертханалық корпусқа экскурсия жасап, заманауи білім беру және ғылыми инфрақұрылыммен танысты.

Біздің директорымыздың кәсіби біліктілігі, жаңашылдыққа деген ұмтылысы және басқарушылық шеберлігі осындай халықаралық деңгейдегі семинарларда спикер болып қатысу арқылы тағы да айқын көрінді. Ол мектептегі сапалы білім беру мен шығармашылықты дамытуға әрдайым үлгі болып келеді.

Добавить комментарий