МИФ апталығының ашылуы

0

Бүгін, 19.01.2026 күні сағат 14:00-де Ж. Тәшенов атындағы орта мектебінде МИФ (математика, информатика, физика) апталығының салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға мектеп түлектері, сондай-ақ олимпиадалар мен ғылыми жобаларда жүлделі орындар иеленген дарынды оқушылар құрметті қонақ ретінде шақырылды. Ашылу салтанаты «Қызық таймс» форматында ұйымдастырылып, келген қонақтарға арналған қызықты сұрақтар мен көңілді ойындар өткізілді.

Кездесу барысында қонақтар әнмен шашу шашып, кештің шырайын кіргізіп, ерекше әсер сыйлады. Әсіресе мектебіміздің 2018 жылғы түлегі Ермек Темірлан қазіргі кезде Петропавл қаласындағы №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің физика және информатика пәнінің мұғалімі өз өмірлік тәжірибесі мен әсерлі ойларын ортаға салып, көпшіліктің ықыласына бөленіп, қатысушыларды тәнті етті.

Бұл мазмұнды әрі әсерлі шара МИФ апталығының мән-маңызын арттырып, оқушыларға жаңа серпін мен мотивация сыйлады 🌟

Добавить комментарий