МИФ апталығының жабылуы
Апталық жабылуы мұғалімдер мен оқушылар арасында шағын интеллектуалды сайыстан басталды.”ФизИнфоМат премия” кешінде “Идеясы таусылмайтын супер ұстаз”, “апталықтың хит челленджі” номинациялары бойынша қызық премия жүргізілді. “Идеясы таусылмайтын супер ұстаз” номинация атауына мектеп директоры Жамулдинова Ж.И. ие болды. Ал “апталықтың хит челленджі” номинациясын жаратылыстану әб жеңіп алды.Сондай ақ апта бойы қатысқан ұстаздар мен оқушылар марапатталды.Бұл марапаттар әрбір қатысушының еңбегін ерекше қырынан танытты деп айтуға болады. Кеш мектеп директоры Жамулдинова Ж.И. құттықтау сөзімен аяқталды.
