Бүгін мектебімізде ата-аналарға арналған Ашық есік күні өтті 😊🏫

Іс-шараның басты мақсаты – ата-аналарды мектептің оқу-тәрбие үдерісімен жақын таныстыру, ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнату. Іс-шара барысында ата-аналар сабақтарға қатысып 📚, оқушылардың күнделікті оқу әрекетін көріп, білім беру тәсілдерімен танысты.

Сондай-ақ ата-аналар пән мұғалімдерімен және мектеп әкімшілігімен сұхбаттасып 🤝, оқу сапасы, тәрбие жұмыстары, оқушылардың жетістіктері мен болашақ жоспарларына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Ашық есік күні мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын көрсетті 🌟

Іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан барлық ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз! 💐

Добавить комментарий