«Ізгілендіру» бірлестігінің апталығы ашылуы

0

Бүгін ақпанның тоғызы күні «Ұлт рухы: тарих пен тіл тұтастығы» тақырыбында қазақ тілі мен тарих апталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, сыршыл лирик, ұлттың рухани жадын жырмен өрнектеген Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына айрықша мән берілді.

Іс-шара аясында ақынның елдік мұратын, ана тілін, туған жер мен ұлттық болмысты арқау еткен өлеңдері оқылып, оның шығармашылығы арқылы тарих пен тілдің, рух пен ұрпақтың үзілмес сабақтастығы кеңінен насихатталды.

И. Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері, «Sana» әдеби-музыкалық клубының жетекшісі, ҚХА СҚО журналистер клубының мүшесі Алтынай Қожабайқызы Сыздықова сөз сөйлеп, ақын поэзиясының тәрбиелік әрі рухани маңызына тоқталды. Ұлт рухын ұлықтайтын тағылымы мол іс — шарамыз рухани кездесу ретінде есте қалды.

Добавить комментарий