«Айқас» интеллектуалдық ойыны

0

Бүгін мектебімізде тарих және қазақ тілі пәндері апталығы аясында «Aiqas» интеллектуалды сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Аталған зияткерлік сайысқа ата-аналар, жоғары сынып оқушылары және мектеп мұғалімдері белсене қатысып, өздерінің білімдері мен ойлау қабілеттерін сынады. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын қалыптастыру және ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.

Сайысты ұйымдастыруға «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басшысы Жанат Қабдолрақымұлы белсене атсалысты. Оның қолдауымен өткен іс-шара мазмұнды, қызықты әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Сайыс барысында қатысушылар түрлі интеллектуалды тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдады.

Іс-шараның қорытындысы бойынша белсенділік танытқан қатысушылар марапатталып, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. «Aiqas» интеллектуалды сайысы мектеп ұжымының білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосты. Аталған іс-шара алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасын табады деп жоспарлануда.

Добавить комментарий